Қазанның 25-і күні тарих пәні мұғалімі А.Каракулова жəне тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Танатарованың ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласын талдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге тарих пәні мұғалімдері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Махатова жəне 10-11-сынып оқушылары қатысты.