Қазан айының 13-ы күні Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы -отбасы.
Ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, ата-аналармен балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы пікір бөлісу мақсатында мектебімізде «Отбасындағы психологиялық өзара қарым-қатынас» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу мектебіміздің «Кәсіби бағдар беру» мамандарымен біріккен түрде ұйымдастыруымен өткізілген «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сурет байқауы марапаттарын табыстаумен жалғасын тапты.