16.11.2023 жылы 8-10-сыныптар арасында «Жасөспірім және қылмыс» атты мектепішілік дебаттан турнир болып өтті. Турнирге 4 фракция қатысты: Конгресс, Риторика, Эверест, Zhuzim. Пікірталас форматы: АПФ.
Турнирдің мақсаты: оқушыларының арасында мектепішілік пікірсайыс қозғалысты дамыту және насихаттау, білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту.
Ұйымдастырушы: дебат жетекшісі, Торебаева М.Қ.