25.11.2024-29.11.2024 аралығындағы Ағылшын тілі пәні апталығының жұмыс жоспарына сәйкес 25-қараша күні "Amazing English World“ атты мерекелік ашылу өтті. Ағылшын тілі пәнін тиімді , жеңіл, үйрену үшін арнайы 4 түрлі ойындар ойнатылды. Берілген тапсырмаларда қатысушылар сөздердің ағылшын тілінде баламасын табу арқылы өздерінің сөздік қорының қаншалықты жақсы дамығанын тексерді.
“Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында
“Ат жарыс” ойыны арқылы - қолдың ұсақ моторикасын дамыту, шапшаң қимылдау, тез ойланып жауап беріп , қатысушылар сыйлақтарға ие болды! Апталығымыздың қонағы болып келген “Елизовета ||” ұстаздар мен оқушыларға ағылшын тілінде сұрақтар қойды!