Коммунальное государственное учреждение

Средняя школа общего
образования №7

20/06/2025  Пятница
    +7 (7292) 31 89 12
Мангистауская область, Мунайлинский район, село Атамекен
 

Меню

Погода

  Актау  
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру бойынша "Даналық мектебі" клубы аясында "Өнегелі он бес минут" іс-шарасын өткізді.
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында әжелермен кездесу ұйымдастырылды. Әжелеріміз шәкірттерге өнегелі әңгімелерін айтып, отбасылық және ұлттық құндылықтырды дәріптеді.
26.11.2024ж мектебімізде 9,10,11-сынып білім алушылардың қатысуымен режиссер Ринат Балғабевтың деректі фильмі көрсетіліп, таныстырылды.
Осыған орай, нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу және жас ұрпақтың қылымыстық қолсұғушылығын болдырмау мақсатында көрсетілді.
Деректі фильмде ақшаның жолын қуып, қазір 10 және одан да көп жылға бас бостандығынан айырылған қарапайым есірткі курьерлерінің сұхбаттары бар. Олар өз істеріне өкініп, жастарды мұндай кесірлі де, қауіпті іске араласпауды сұрайды.
 

Сынып сағаттарында оқушыларға кіші сержант, жауынгер, батыр -шекарашы Раджан Батркановтың өмір жолы, жеткен жетістіктері туралы толық мәлімет берілді.

https://www.facebook.com/100013398934535/videos/528803573484896/

Мектебімізде 21-22.11.2024ж күндері
2-4 сыныптар арасында «Асыл сөзді іздесең, жоғалмайтын сол мұра» жобасының
І кезеңі болып өтті. 2 сынып оқушылары қазақтың ағартушы-педагогы, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдерін, 3-4 сынып оқушылары ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен өлеңдерін, қара сөзін көркем оқудан сайысқа түсіп, өз шығармашылығын шыңдап, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Жобаның мақсаты – оқушылардың аталған ақындар өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Ұлы Абай мен ағартушы тұлға Ыбырайдың әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында 04-25 қараша аралығында "Әділдік және жауапкершілік" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Аптаның дәйексөзі: "Жауапкершілік -адамгершілік қасиеттің көрінісі".
js jn jk kk  jd

"Мұнайлы аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК -нің мамандары қатысуымен 11жас, 12жас, 13 жас 11ай мектеп оқушыларына АПВ екпесін егу мақсатында және ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу іс-шаралары аясында ата-аналар жиналысы өтті.

jenis

ҚАРАША АЙЫ-ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Аптаның дәйексөзі: "Тура биде туған жоқ"
u r е a
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні аясында - жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.
​Диктанттың мақсаты - Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Диктант жазуға 10 - 11 сынып оқушыларынан барлығы 212 оқушы қатысты.
5 6 7
ЖАС ҚАНАТ - 2024 
Бүгін 12.06.2024ж күні 9 - сынып білім алушыларына аттестат табыстау салтанатты рәсімі өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп директоры К.Д.Нұрбаева, мектеп директорының орынбасарлары, мұғалімдер мен оқушылар, ата - аналар қатысты.
2023 - 2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 179 оқушы 9 - сыныпты аяқтады. Оның ішінде 8 оқушы Үздік аттестатқа ие болды.
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар, балаларыңыз үміттеріңізді ақтап, болашақта мықты маман иесі болып, еңбектеріңіздің өтеуі қайтсын.
j ja jas
"Ұрпақ тәрбиесі-Ұлт болашағы" атты аудандық І әкелер форумы өтті.
Мақсаты:заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу, ер азаматтардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және әдістемелік көмек беру;
Аталған форумға білім бөлімінің басшысы, орталық әдіскерлері, ұлағатты әке ұстаздар, теолог маман, аудандық "Парасатты отбасы" байқауының жүлдегерлері, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар, сынып жетекшілер және аудан мектептерінің әкелері қатысты (80 ге жуық)
Форум спикерлері қазіргі жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, ізгілікті- рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту туралы сөз қозғалып, тәжірибе алмасып, ой бөлісу болды.
Форум соңында мектеп өмірімен үнемі байланыста отыратын белсенді әкелер Мұнайлы аудандық білім бөлімі басшысының АЛҒЫСЫМЕН марапатталды. Осындай алғысқа мектебіміздің “Ата - аналарды педагогикалық қолдау” жобасының мүшесі Сулейменов Талгат Жумакасымович ие болды.
Құттықтаймыз!
фор фору
 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК
“Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” атты республикалық сурет байқауында мектебіміздің 5 - сынып оқушысы Аязбек Ақнұр жүлделі ІІ ОРЫНДЫ иеленді.
Жетекшісі: Карабаева Гульшат
Құттықтаймыз!
кар

Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Мұнайлы ауданы әкімінің кубогы - 2023” Жайдарман сайысында мектебіміздің 9 - сынып оқушыларынан құралған команда қатысып, аудан әкімінің АЛҒЫСЫНА ие болды.

ку куб

Ұлттық мүдде(Отан), Ар-ұят, Талап құндылықтар аясында "Біздер жаман әдетке жат едік, біле тұра жібереміз қателік” тақырыбында 7 - сыныптар онкүндігінің ашылуы болып өтті.
Ашылу салтанаты 7 “Е” сыныбының орындауында “Атамекен” патриоттық әнімен басталды.
7 - сынып оқушылары күй тартып, өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар тәлім мен тәрбиеге байланысты мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, білімдерін сынады. 
Онкүндіктің жақсы өтуіне сәттілік тілейміз!
ұрп ұрпа
Дүйсенбідегі сынып сағаттары
Біртұтас тәрбие бағдарламасы, Ұлттық Мүдде, Ар - ұят, Талап құндылықтары аясында әр дүйсенбі 1 - 11 сыныптар бойынша жас ерекшеліктеріне сай, жоспардағы тақырыптарға сәйкес сынып сағаттары өткізілді.
sy
5-9 сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау мақсатында 16.11.2023 ж. күні 5 «А», 5 «Ә» сыныбында «Ақыл айтпа, жол көрсет» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп психологы Қартбаева Г. «Уақыт» атты психологикалық тренингпен бастады.
. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары. Ұлттық тамақтану мәдениеті - жасөспірімнің физиологиялық бейімделуінің мүмкіндігі;
2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар
3. Өзіңді өзің сыйламасан, өзгеден сый дәметпе. Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсері;
4.Жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5. Жасөспірімнің табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі туралы айтылды.
Сынып жетекшілері: Аймаганбетова З.У., Қарабаева Г.
ti tie tiek tiekb
Ұлттық мүдде(Отан), Ар-ұят, Талап құндылықтар аясында "Құрметтеп білім орданы, сақтай білейік форманы" тақырыбында 6 - сыныптар онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жақсылық жасап жарысайық" тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
az azi
Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
Оқушылардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында 5 «А» сынып оқушылары өлкеміздің Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Өлкетану мұражайы, палеонтология залынан басталған шолуымыз табиғат залы, археология, этнография, Тәуелсіздік залы, қала тарихы, жылжымалы көрме залы бөлімдерімен сабақтасты. Оқушыларымыз мұражай қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Аймаганбетова З.У.
zu zul zula
КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ бастауыш сыныптар бойынша байқауы өткізілді. 
Байқау қорытындысына сәйкес:
"Күз ханшайымы" аталымына Артықбай Ақбота,
"Нәзік ару" аталымына Амангелді Ханшайым,
"Биші ару" Нұрлыбекқызы Назгүл
"Шебер ару" Анарбай Фатима"
"Көрікті ару" Балтабаева Жұлдызай
аталымдарына ие болды.
Құттықтаймыз!
basta bast basta
Бүгін 06.11.2023ж 8-11 сынып оқушылары арасындағы халықаралық лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды:
- 8 «Г» сынып оқушысы Куанышбек Аружан, жетекші Рахметова Гулнар;
- 9 «А» сынып оқушысы Исенбай Мадина, жетекші жетекші Кемалова Сара;
- 10 «Г» сынып оқушысы Түгелбай Асел, жетекші Махатова Тути;
- 11 «Ә» сынып оқушысы Сайлау Берекет, жетекші Сейтенова Шолпан.
Аудандық кезеңде оқушыларға сәттілік тілейміз!
lin

“Тоғыз айға, тоғыз іс - шара” жоспары бойынша және 25 қазан - Республика күніне орай “Қыран елім - Қазақстан” патриоттық акциясы шеңберінде 1 - 11 сыныптар бойынша толықтай Мемлекеттік Гимн орындалды.

aq aqm aqma