№7 орта мектепте 10.01.2018ж. күні «Жаңа білім беру мазмұнындағы сұрақ қоюдың маңыздылығы» тақырыбында коучинг өтті. Коучингті жүргізген ІІ деңгейлі коуч, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Едилова Гүлзира Сейітқызы.
Коучинг мақсаты – әріптестерге жаңа білім мазмұнындағы сұрақ қоюдың тиімділігі, оқушының ойлау дағдыларын дамытуға сұрақтың маңызды екенін ұғындыру барысында әдістемелік көмек беру. Коучингке мектеп мұғалімдерімен бірге мектеп тренері Д.Алдабергенова мен аудандық тірек мектептің көшбасшысы С. Орынбасаровна қатысты.