2023ж. 13.02. күні "Ұлттық руханиятымыздың өзегі- тіл" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Онкүндіктің ашылу салтанаты алаш ардақтысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жылдығына арналды.
Алдымен ақын өмірі, шығармашылығы туралы бейнематериал көрсетіліп, жалғасы әсем әнге ұласты.
Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ақын өлеңдерін оқып, мың бұралған бишілеріміз өз өнерін көрсетті.
Шара соңында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілетін шаралармен таныстырылып, ашылу салтанатын қорытындылау мақсатында сөз кезегі бірлестік жетекшісі Б.Сидназаровнаға берілді.


