30.01.2023 ж. «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы болып өтті.
Ашылу салтанаты барысында мектеп директоры Нурбаева Кансулу Дуйсеновна жас мамандарға жылы лебізін білдіріп,алдағы онкүндікке сәттілік тіледі. Едилова Гүлзира Сейтқызы биылғы оқу жылындағы жас мамандармен таныстырды. Салтанатты ашылу жиыны 2023 жылы елімізде аталып өтілетін атаулы күндер мен мерейтойлар жасырылған сұрақ-жауап ойынымен аяқталды.


