«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ –де денсаулықты сақтау мен нығайту, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға жас ұрпақтың назарын аудару мақсатында мектепішілік денсаулық фестивалі өткізілді. Фестиваль жоспарына сәйкес 5 - сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» спорттық жарысы өткізілді. Спорттық жарысқа барлығы 150 оқушы қатысты.

