"2022 - Балалар жылы" аясында, "Жазғы мектеп - 2022" іс - шаралар жоспарына сәйкес, 1 - маусым Халықаралық Балаларды қорғау мерекесіне орай мектеп алды алаңында бастауыш сынып оқушыларын бүгінгі мерекемен құттықтап, мектебімізге қонаққа ертегілер елінен "Көңілді аюлар" келді. Балалармен бірге би билеп, ойын ойнап, мерекелік көңіл күймен бүгінгі шара қызықты өткізілді. Мереке құтты болсын бақытты балақайлар!