«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ - сі 2024 жылдың қыркүйек айындағы іс – шаралар жоспарына сәйкес, «Абайлаңыз балалар!» атты акциясы ұйымдастырылып өткізілді.
Акция аясында мектеп оқушыларына мектеп инспекторы Е.Бердіхан, Б.Жақаев және сынып жетекшілер жол ережесіне арналған суреттерді көрсету арқылы ақпараттар беріп, балалардың жолда жүру ережесін есте сақтап қалуына, жол белгілерінің неше түрі бар екенін, оны не үшін білу қажеттілігіне тоқтап, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға шақырды. Бұл іс-шараның жалғасы әлі де жүргізіле беретін болады.