"Ұрпақ тәрбиесі-Ұлт болашағы" атты аудандық І әкелер форумы өтті.
Мақсаты:заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу, ер азаматтардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және әдістемелік көмек беру;
Форум спикерлері қазіргі жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, ізгілікті- рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту туралы сөз қозғалып, тәжірибе алмасып, ой бөлісу болды.
Форум соңында мектеп өмірімен үнемі байланыста отыратын белсенді әкелер Мұнайлы аудандық білім бөлімі басшысының АЛҒЫСЫМЕН марапатталды. Осындай алғысқа мектебіміздің “Ата - аналарды педагогикалық қолдау” жобасының мүшесі Сулейменов Талгат Жумакасымович ие болды.