ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕРЕКЕСІ
Мектебімізде наурыз айындағы іс - шаралар жоспарына сәйкес 9 - 11 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындардан байқау ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық ойын түрлеріне қызығушылықпен қатысты. Шараға мектеп директоры К.Д.Нурбаева, мектеп әкімшілігі және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Ләңгі тебу, асық ату, бес тас, арқан тарту, қол күресі және гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойын түрлерінен оқушылар бақ сынады.
Шара соңында оқушылар марапатталып, естелік суретке түсті





