Діни ағымдарға жол жоқ тақырыбындағы дебат
2022 жылдың 16 қыркүйек күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты, Мұнайлы ауданының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы «Радикалды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық-насихаттық материалдарды дайындау және насихат жұмыстарын жүргізу» аясында «Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында Мұнайлы ауданы №7 мектеп оқушыларымен «Діни ағымдарға жол жоқ» тақырыбында дебат өтті.
Шараны РАТТ мүшесі Азамат Нұғманұлы жүргізіп, шараның қазіргі таңда маңыздылығын, мақсатын түсіндірді. Шараның мақсаты жастарды діни экстремизм, радикализм идеологиясын қабылдамауға, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіруге баулу болып табылады.
Шара барысында «Дін және мемлекет», «Зайырлы мемлекет құндылықтары», «Толеранттыттылық дегеніміз не?» тақырыптарында өз өнерлерін, шеберліктерін көрсетіп, үш топқа бөлінді. Әділ қазылар алқасы әр топтың жұмыс нәтижелеріне қарап шешімдерін қабылданып, орындар белгіленді.
Кез келген қоғамда, соның ішінде Қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін және жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескеруіміз керек. Қазақстанда түрлі діни ағымдар жұмыс істейтіні жасырын емес. Жастар теріс діни ағымдарды, бағыттарды танып, айыра білуі қажет. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.


