24 қазанда тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Танатарованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекеті» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында дәстүрлі емес діни ағымдарға кіруді болдырмау мақсатында түсінік жұмысы жүргізілді. Жиналысқа мұғалімдер, кіші қызметкерлер, күзетшілер және де 5-11-сынып оқушылары қатысты.