“Бірге жетістікке” жобасы аясында мектебіміздің психолог мамандары 8 “А”, 8 “Б” сыныптарына «Қауіпсіз эмоционалды жағымды орта» тақырыбында тренинг өтті.
Мақсаты: 8 “а”, “б” сынып білім алушыларына психолог тарапынан эмоционалды жағымды орта қалыптастыру.
Тренингте сыни ойлауды дамытатын, тимбилдинг жаттығулары орындалып, білім алушылардың пікірлері тыңдалды. Жалпы жаттығу барысында сыныпқа ұжымшылдық,ауызбіршілік керек екеніне көз жеткізгендерін айтты. Сыныптың сапасының жақсы деңгейге жетуінің өзі осы ұжымның бір-бірімен түсіністік қарым-қатынастарына байланысты екендіктері жайлы өз ойларын ортаға салды.