Жаңартылған оқу бағдарламасының мәні - баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Бұл орайда ең алдымен ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі.
Жаңа білім мазмұнына сәйкес, мектебімізде әр аптаның сенбі күндері мұғалімдерге арналған семинар, коучинг, шеберлік сыныптары өткізіліп келеді. Соның бірі 14.10.2017ж. күні өткізілген «Жаңа мазмұн- жаңа талап» тақырыбындағы коучинг. Коучингті жүргізген ІІ деңгейлі коуч, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Едилова Гүлзира Сейітқызы.
Коучингтің мақсаты- әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа тәсілге деген көзқарасын байқау. Коучингке барлық пән мұғалімдері қатысты. Коучинг барысында мұғалімдер жаңа бағдарламаның ерекшелігімен таныса отырып, жаңа білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімнің жаңа бағытқа қарай өзгеруі тиіс екенін түсінді. Ойлау дағдыларына сәйкес, түрлі тапсырмалар орындау барысында саралау тапсырмалары мен талқылау сұрақтары, проблемалық сұрақтар жөнінде мағлұмат алды. Коучинг соңында «Шығу парақтарын» толтыру арқылы коучингте үйренгендерін ортаға салып, пікір алмасты. Коуч мұғалімге алғыстарын білдіріп, келесі коучинг критериалды бағалау жөнінде болса деген ұсыныстарын да жеткізді. Бұл коучингтің мұғалімдерге берген әдістемелік көмегі зор болды деп есептейміз.