21.02.23.күні " "Ұлттық руханиятымыздың өзегі-тіл"тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Калдыбаева Агзия 6 "Е" сыныбына О.Бөкей " Тортай мінер ақ боз ат" әңгімесінің сюжеттік желісі тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ процесі барысында оқушылар жұптық, топтық тапсырмалар орындап,өзіндік пікірлерін еркін жеткізе білді.Тақырыпты ашу барысында "Колесо фортуны","LearningApps","Quizizz" платформаларын тиімді қолданды.Сабақ мақсатына сай құрастырылған тапсырмалар сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасады.


