2023ж. 21.02. күні "Ұлттық руханиятымыздың өзегі-тіл" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.М.Эсетова 8 “Е” сыныбына «Әпке» драмасындағы маңызды эпизод және астарлы ой тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқушылар шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға берді.
Сабақ процесі барысында оқушылар жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындап, өзіндік пікірлерін еркін жеткізе білді.
Сабақ мақсатына сай құрастырылған тапсырмалар, белсенді оқыту әдіс-тәсілдері оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасады.


