Аудандық оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылғы іс-шаралар және қауымдастықтың жоспарына сәйкес, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, сынып жетекші, педагог-психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру және әдістемелік көмек беру мақсатында, 30.03.2023жылы №7 жалпы білім беретін мектепте «Бәріне бірдей мүмкіндік» тақырында аудандық семинары өтті.
Аталған семинарға 83 педагог қатысып, өзара тәжірибе алмасып, семинар соңында мектебіміздің әдіскері Едилова Г.С кері байланыс жасады. Семинарға қатысушы мұғалімдер әдістемелік көмек алып кетті.





