«№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ- де Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық" атты мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында оқушылардың мектеп формасы, тәртібі және сабаққа үлгерімі жайында сөз қозғалды. Жиналысқа мектеп директоры К.Нурбаева,директордың тәрбие жөніндегі орынбасары У.Жарасбаева және Г.Келешова, мектеп психологтары А.Иргаеева, А.Айман, ата-аналар комитетінің төрағасы Р.Сұлтановна қатысты. Ата-аналарға сынып жетекшілермен үнемі тығыз байланыста болу керектігі және болашақ ұрпағымыздың жарқын болуына бірге атсалысу керектігі туралы ұсыныстар айтылды.