08.09.2022ж күні мектепішілік 4 - сыныптар арасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тілім менің- тұғырымның айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін тереңірек түсініп, жаттап, қазақ халқына мұра болып қаланып қалған өлең шумақтарынан шын жүйрікті анықтау болатын. Сайысқа тоғыз сыныптан бір оқушыдан шығып, ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтудан сынға түсті. Сайысқа бағын сынауға келген оқушылардың барлығы Ахмет өлеңдерін мәнерлеп айтып шықты. Шәкірттердің бойынан поэзияға деген қызығушылығын, Ахмет Байтұрсынұлына деген ерекше құрметін оқушының бал-бұл жайнап тұрған жүздерінен- ақ аңғардық.Сайыс соңында оқушыларымызға әділқазы алқалары бағасын беріп, мақтау қағазымен марапаттады.
4 «Ж» сынып оқушысы: Таңатар Нұрислам Бас жүлде 4 «Д» сынып оқушысы: Тажиева Айсұлу 1-орын 4 «Г» сынып оқушысы: Жексенбай Зарина 1-орын 4 «В» сынып оқушысы: Сұлтанмұрат Айкөркем 2-орын 4 «Ә» сынып оқушысы: Джылдамбаев Дастан 2-орын 4 «Е» сынып оқушысы: Таған Омар 2-орын 4 «Б» сынып оқушысы: Қыдырбай Жарас 3-орын 4 «А» сынып оқушысы: Дүзбаев Қосбол 3-орын 4 «Ғ» сынып оқушысы: Сыздыкова 3-орынды иеленді.


