Орта білім беру ұйымдары арасында «Ұлы дала өркениеттері» атты республикалық байқау өткізіліп жатыр. Байқаудың кезекті іс – шарасы «Жетістіктің тарихы» тақырыбында еліміздің тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен тұлғамен кездесу кеші болатын.
Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «Құрмет» орденінің иегері, 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2016 жылы «Барыс» орденімен марапатталған, 2016 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаты Ниязымбетов Әділбек Сәбитұлы бүгін бізде қонақта болды. Спортшы шақырудағы мақсатымыз, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері үшін шексіз ризашылық сезімін ояту.
Әділбек Сәбитұлымен өте керемет сұхбат болды. Оқушылар көкейінде жүрген сауалдарына ұтымды жауап алды. Кездесу кешіне мектеп директоры К.Нурбаева мен тәрбие жөніндегі орынбасарлар мен оқу ісінің орынбасарлары, дене шынықтыру пәні бірлестік мұғалімдері, 10 - 11 сынып оқушылары мен пән мұғалімдері қатысты