Қош келдiңiздер!
Біз сіздермен сайтта қауышқанымызға қуаныштымыз!
Мектеп директоры
Өрнекешова Роза Жұмақызы
Туған жылы және туған жері: 05.01.1968ж. Өзбекстан Республикасы, Бухара облысы, Тамды ауданы
Білімі: жоғары, Д.Азады атындағы Түрікмен мемлекеттік педагогикалық тілдер институты 1991 ж.
Біліктілік санаты: педагог-шебер
Жалпы жұмыс өтілі: 34жыл
Еңбек жолы:
1991-1996 жж.-Түрікменстан Республикасы Ашхабад облысы Безмейн қаласы №2 А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі.
1996-2018 жж. Қазақстан Республикасы Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында орыс тілі мұғалімі;
2013-2018 жж. директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2018-2021 жж.- Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№11 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2021-2025ж. 10 қантарға дейн - Мұнайлы ауданы «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің орыс тілі пәні мұғалімі; директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары
Жетістіктері:
2024ж.- республикалық кадр резервіне қабылданды;
2024 ж. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі
2023 ж.-«Қазақстанның құрметті педагогі» атты республикалық байқауы І дәрежелі ДИПЛОМ;
2021 жылы – аудандық «Тілші мұғалімдер - 2021» байқауы 1 орын, облыстық «Тілші мұғалімдер - 2021» 1 орын;
2020 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты»;
2018 жылы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінде I-орын алған оқушы Сұлтан Аяжанды дайындағаны үшін облыс әкімінің «Алғыс хаты»;
2018 жылы ҰБТ дайындауда жоғары нәтиже көрсеткені үшін ОҚО білім басқармасының «Алғыс хаты»;
2017 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ОҚО ұйымы қоғамдық бірлестігі «Жылдың үздік ұстазы» мадақтама;
2015 жылы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты»;
2011-2014 жылдары ҰБТ қорытындысы бойынша апелляциялау комиссиясында белсенділік танытқаны үшін ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Алғыс хаты»
2018 жылы – І Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасы І дәрежелі диплом;
2016 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «Үздік ұстаз» номинация иегері.
Мектебіміздің жоғары санатты Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шамуратова Райхан 12 қазан 2018 жылы Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» V халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына қатысып, «Қазақ тілі мен әдебиетін табысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндамасын оқыды.
2018, Маңғыстау облысы Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін, Едилова Гүлзира «Құрмет грамотасы» берілді.
2018 жылы Мұнайлы аудандық білім бөлімінен «Бірінші математикалық прогрессия» байқауына белсене қатысқаны үшін Суттібаева Гүлзира Джадрасынқызына "Алғыс" марапаты берілді.